Бағдат Мусин Астанада ұялы байланыс сапасы жақсарғанын мәлімдеді.

“ЭКСПО аумағында байланыс жақсарды. “Хан Шатыр” ауданында екі базалық станция орнатылды, жоғары көрсеткіштер бар. Бірақ қосымша айыппұл салып, тағы екі ай уақыт бердік. Бізге әкімдіктен жер телімдері қажет. Өйткені біз өзімізге оларды бөле алмаймыз. Құрылыс басталып кетті. Қазірдің өзінде жер іздеп жатырмыз. Әрі қарай әкімдік жұмыс істейді”, – деп түсіндірді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.