Елімізде арнайы операция күштерінің қолбасшылығы құрылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сондай жарлыққа қол қойды. Тіпті, елде арнайы операция күштерінің қолбасшысы лауазымы пайда болды. «Оның алдында барлық ұйымдастыру шарасын қысқа мерзімде қабылдау және басқа да күш құрылымдарымен бірлесіп арнайы операцияларды орындауға әзірлікті қамтамасыз ету міндеті тұр”, – деді Ақорда баспасөз қызметінің өкілі.