Елімізде азаматтарға жұбайының рұқсатынсыз несие алуға тыйым салу ұсынылып отыр

Бұл қажетсіз несиелердің санын азайтуға септеседі. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахманов осылай деді. Депутаттар банктер мен микроқаржы ұйымдарының қарыз алушының жұбайының жазбаша келісімімен ғана несие беру туралы ұсынысты бірауыздан қолдады. Бұл ұсынысты әділет министрлігі де құптады.