Елімізде банкрот рәсімі кезінде мүлікті жасырғаны үшін азаматтарға айыппұл салынады

Қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржанов осылай деп хабарлады. Оның айтуынша, азаматтардың төлем қабілетін қалпына келтіру және банкрот туралы түзетулер банкрот рәсімін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырлған. “Мысалы, азаматтың кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару мақсатында қасақана банкроттық туралы өтініші үшін – 200 АЕК. Жалған ақпарат бергені немесе соттан тыс тәртіпте банкроттықтың шегінде мүлікті жасырғаны, төлем қабілетін қалпына келтіргені үшін – 100 АЕК көлеміне тең болады”, – деді Ержан Біржанов.