Екібастұзда жантүршігерлік жол апаты болып, бір адам қаза тапты

Екібастұз тұрғыны жол апатына ұшырап, салдарынан көлік бөлініп қалған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ресми мәлімет бойынша, жол апатына себепкер болған көлік жүргізушісі есірткіге мас күйде болған. Оқиға салдарынан 20 жастағы жолаушы қаза болды, тағы біреуі ауруханаға жеткізілген. “Кеңшілер көшесімен келе жатқан “ВАЗ” көлігін тізгіндеген 32 жастағы жүргізуші ағашқа соғылды. Жол апаты салдарынан 20 жастағы жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды, екінші 29 жастағы жолаушы ауруханаға жатқызылды”, – деді ведомство баспасөз қызметі өкілдері.