Елімізде көлік жүргізушілері үшін автосақтандыру құны өспек

Елімізде көлік жүргізушілері үшін автосақтандыру құны өспек. Бұған қаржы нарығын реттеу агенттігінің есептеу ережелерін өзгертуі себеп. Енді жүргізушілер үшін жаңа санаттар енгізіледі. А және М2 класстары пайда болады. Жол ережесін жиі бұзатын жүргізушілер ең төменгі санатқа түсіріліп, полис құны 13-классқа қарағанда 7 есе қымбат шығады. Алғаш рет сақтандыру полисін алғалы отырған жүргізушілерге А санаты берілмек. Санаттың төмендеуіне әкеп соғатын заң бұзушылықтарға жылдамдықты асыру, қарсы жолаққа шығу, бағдаршамның қызыл түсіне өту, патрульдік полицияны елемеу, жолда апатты жағдайлар тудыру. Жаңа санаттар 7 сәуір күшіне енеді.