Елімізде күніне бір жарым мыңға жуық адам вирус жұқтырады

Премьер-министр Асқар Маминнің қатысуымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында індетке тосқауыл болу шаралары талқыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».. Бүгінде QazCovid-in отандық вакцинасы клиникалық сынақтың үшінші кезеңінен өтіп жатыр. Алдын ала есепке сай оның тиімділігі 96%-ті құрайды. Ал халықты «Спутник V» дәрісімен жаппай вакциналау 1 ақпанда басталады. Үкімет басшысы облыс әкімдеріне қажетті құрал-жабдық пен егу орындарының уақытылы дайын болуын тапсырды. Сондай-ақ ел арасында түсіндіру жұмыстары жүйелі жүргізіліп, арандату мен жалған ақпараттың таралуына жол берілмеу керектігін айтты. Эпидемияға қарсы іс-шараларға жұмылдырылған мамандардың қауіпсіздігіне де көңіл бөлу керектігін баса айтты.