Елімізде ұрлық жасау қылмысы бойынша жаза қатаңдатылды

Елорданың полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бөлім басшысы Диас Қадіров осылай деп мәлімдеді. Еске сала кетейік, былтыр тонау мен ұрлыққа қатысты заңға өзгеріс енгізілді. Соған сәйкес, ұрланған мүлік иесіне қайтарылып, екіжақ татуласқан күннің өзінде қылмыскер заңға сәйкес жазасын өтейді.