“Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева Facebook желісіндегі парақшасында осылай деп жазды. Оның айтуынша, бүгін ведомствоаралық комиссияда аталған аймақтардағы жағдай талқыланған. Құжат 1 наурыздан бастап күшіне енеді. “Сәкесінше “жасыл” аймақта: спорттық шаралардың көрерменмен өтуіне, 50 адамға дейінгі еске алу шараларын өткізуге, бильярдтардың жұмысына, үй-жайлардағы балалар ойын-сауық клубтарының қызметіне, цирктердің жұмысына рұқсат етіледі. Ал “сары” аймақ үшін: жексенбі күні базарлардың, СОО мен сауда үйлерінің жұмысына шектеулер алынып тасталады.