Елімізде “сары” және “жасыл” аймақтағы өңірлерде карантин жеңілдейді

“Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева Facebook желісіндегі парақшасында осылай деп жазды. Оның айтуынша, бүгін ведомствоаралық комиссияда аталған аймақтардағы жағдай талқыланған. Құжат 1 наурыздан бастап күшіне енеді. “Сәкесінше “жасыл” аймақта: спорттық шаралардың көрерменмен өтуіне, 50 адамға дейінгі еске алу шараларын өткізуге, бильярдтардың жұмысына, үй-жайлардағы балалар ойын-сауық клубтарының қызметіне, цирктердің жұмысына рұқсат етіледі. Ал “сары” аймақ үшін: жексенбі күні базарлардың, СОО мен сауда үйлерінің жұмысына шектеулер алынып тасталады.