Елімізде төтенше жағдайларда азаматтарды жедел хабарлау жүйесі сынақтан өткізіледі

Ол Cell broadcast технологиясы арқылы жүзеге асады. Цифрлық даму министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, бұл жүйе хабарламаны жедел және жаппай ескертуге бағытталған жаңа тәсіл. Ведомство басшысы Cell broadcast технологиясы ақпараттық жүйені әзірлеуді және барлық ұялы байланыс операторларымен интеграция жасауды қажет етеді деді.