Елімізде электронды темекі түрін саудалауға тыйым салынады

Шектеуді ескермегендер 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Еліткіш затты сатқандар 50 тәулікке түрмеге жабылады. Ал елге әкеліп, таратқандардың 2 жылға бас бостандығы шектеледі. Вейп өнімін тоқтату туралы заң жобасын Мәжіліс мақұлдап, Сенатқа жолдады. Ресми статистикаға сүйенсек, ел бойынша вейп нарығында 6000 сауда орыны тіркелген. Вейп өнімдері тек өкпе ауруына емес, жүрек қан тымырлары және онкологиялық аурулардың дамуына алып келеді.