Елімізде жүргізуші куәлігін алу рәсімі өзгереді

Елімізде жүргізуші куәлігін алу рәсімі өзгереді.

Азаматтар емтиханды ақылы негізде шектеусіз тапсыра алады. Бірақ әр талпыныстың арасы кемінде 10 күн болуы тиіс. Бұған дейін үш тегін мүмкіндік берілетін, ал қайта оқу талабы алынып тасталды.

Жаңа тәртіпке сәйкес, микроқұлаққап немесе микрокамера қолданғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бір жылға дейін емтихан тапсыру құқығынан айырылуы мүмкін. Автомектептерге қойылатын талаптар да күшейтіледі, ал болашақта лицензиялау жүйесі енгізілмек.