Елорда көшелерінде түкіргендер камералар арқылы анықталады

Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлады. Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаттары көшеде түкіргендерге жазаны қатайтуды ұсынды. “Тәртіпбұзушылар автокөлік нөмірлері бойынша анықталады. Бұл шаралар тәртіп бұзу санын азайтады. Көшеде және қоғамдық орындарда түкіруге және қоқыс тастауға тыйым салынады. Тәртіпбұзушылар әкімшілік жауапқа тартылады”, – деді әкімдіктегілер. «Мұндай заңбұзушылықтарға куә болған тұрғындар құқық қорғау органдарына хабарласа алады. Бірлескен жұмыс арқылы ғана қала тазалығын сақтап, коммуналдық қызметшілер жұмысына құрметпен қарауға болады. Қала тұрғындары мен қонақтарын мәдениет пен мінез-құлықтың қарапайым нормаларын сақтауға шақырамыз», – деді әкімдік өкілдері. Еске салайық, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният көшеде түкіруге тыйым салу туралы ұсынысты қолдаған болатын.