Елорда әкімі Алтай Көлгінов осындай әлеуметтік көмек туралы мәлімдеді

“Білім алу және түлектердің одан әрі жұмысқа орналасуы үшін жағдай жасаудың маңызы өте зор. Мәселен, жаңа оқу жылында педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша жоғары білім алуға 1300-ге жуық грант бөлуді жоспарлап отырмыз, одан бөлек әлеуметтік көмек бойынша жеке бағдарлама қарастырылған”, – деп жазды әкім Instagram-да. “Бұл бағдарлама бойынша құжаттарды қабылдау 21 тамызға дейін жалғасады. Оқу ақысын төлеу түріндегі әлеуметтік көмек жетім балалар, балалар үйінің түлектері, бала күнінен мүгедек, көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға беріледі. Білім алу еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша жүргізіледі.