Елорда полициясы жүргізушілерге жолда сақ болуды ескертті

Нұр-Сұлтанда ауа райының бұзылуына байланысты бір күнде 93 жол апаты болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Соған байланысты полиция көлік жүргізушілерін жолда барынша сақ болып, түрлі гаджет пен ұялы телефонға алаңдамауға шақырды. “Қала көшелерінде қар тәулік бойы тазартылып жатыр. Жүргізушілерге абай болып, жол бойында көлік қоймауға, қоғамдық көлік қозғалысына және қар жинайтын техниканың жұмысына кедергі келтірмеуге шақырамыз”, – делінген полиция хабарламасында. Сондай-ақ жолдан өтіп жатқан жаяу жүргіншілер де сақ болуы қажет.