Елорда тұрғындарына Құрбан айтта мал союға рұқсат етіле ме?!

Нұр-Сұлтанда Құрбан айт мерекесі кезінде арнайы белгіленген орындарда мал союға тыйым салынды. Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жанна Пірәлиеваның қаулысында жазылған.

Жабық азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар базарлары карантин уақытында, соның ішінде мереке күндері жұмыс істемейді.

Qurban2020.muftyat.kz сайты іске қосылады. Сайт арқылы қазақстандықтар ешқайда бармай құрбандық шалуға онлайн тапсырыс бере алады.

Қасиетті Құрбан айт мейрамы үш күнге жалғасады, мерекенің алғашқы күні Қазақстанда демалыс саналады. Биыл ол жұма, 31 шілдеге түсіп тұр.