Елорда әуежайының жаңа коды бекітілді

NQZ кодының авторы – Қазақстандық дипломат Алтай Абибуллаев. Ол жаңа кодтың мән-мағынасын түсіндірді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, NQZ кодының логикалық және идеологиялық маңызы зор. «N – Нұр-Сұлтан қаласы және Н. Назарбаев әуежайын білдіреді. Ал QZ – жаңа егеменді Қазақстанның жаңа әліпбидегі Qazaqstan атауын білдіреді. Кодтың үш мағынасы бар: Жаңа әуежай, жаңа елорда және жалпы қазақ елінің халықаралық сахнадағы жаңа әліпбиі.

Әуежай кодын ауыстыру – 50 жылдағы үлкен жетістік, Авиация комитетінің халықаралық сахнадағы жетістігі деді Абибуллаев. Айта кетейік, Нұр-Сұлтан әуежайының үш әріптік кодын өзгерту жұмыстары 2014 жылдан бері жүргізілген.

Бүкіл әлем бойынша әуежайларға бір рет және тұрақты негізде код беру жөніндегі IATA қағидаларына қарамастан, қазақстандық тарап өз мақсатына қол жеткізді. 8 маусымнан бастап барлық брондау жүйелерінде, отырғызу талондарында, багаж биркаларында және ақпараттық таблода жаңа NQZ коды көрсетіледі.