Елордадағы орталық клиникалық госпитальдің соңғы емделушісі жазылып шықты

Елордадағы орталық клиникалық госпитальдің соңғы емделушісі жазылып шықты. Орталық ІІ Дүниежүзілік соғыс мүгедектеріне арналған. Осы ауруханаға жамбылдық 68 жастағы Кенжетай Көжеков пневмониямен түскен деп хабарлайды BAQ.KZ Оның өкпесі 75%-ке зақымданған.

Ол Жамбыл облысындағы ауруханада 10 күн ем алған, кейін қыздары Нұр-Сұлтандағы емханаға жатқызған. Науқас дертті қалай жұқтырғанын білмейді. Ол такси жүргізушісі болып қызмет етеді екен. Емделуші дәрігерлерге алғыстан басқа айтарым жоқ дейді.

Госпиталь екі аптаға дезинфекцияға жабылады. Кварцтеу, өзге де тазарту жұмыстарынан соң санитарлық-эпидемиологиялық станцияның тексерісінен өткен соң, 1 қыркүйектен бастап жоспарлы емдеуге жатқызу қайта басталады.