Елордада өзен үстімен өтетін автомобиль көпірінің құрылысы басталды

Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында хабарлады. Көпір Тәуелсіздік даңғылы, жаңа теміржол вокзалы ауданы, Әзірет Сұлтан мешітінің ауданы, Қошқарбаев даңғылы, Нәжімеденов көшесі, Байтұрсынов көшесі, Қордай көшесі, Айнакөл көшесі, Момышұлы даңғылының сол жағалауымен қосымша байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тәуелсіздік даңғылындағы көпір пайдалануға берілгеннен кейін Мәңгілік ел даңғылындағы жүктеменің 20%-ке дейін төмендеуі болжанып отыр. Жоспар бойынша аталған көпірдің құрылысы 2023 жылы аяқталады.