Есіктегі жанар-жағармай құю бекеті жарылды

Есіктегі жанар-жағармай құю бекеті жарылды. Жарылысқа жол апаты себеп болған. “Әлем Ойл” бекетіндегі газ резервуарын Land Cruiser Prado маркалы көлік келіп соққан деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті. Land Cruiser Prado мен Hyundai Tucson маркалы көліктер отқа оранды. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтады.

Land Cruiser Prado көлігінің 72 жастағы жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Оның денесінің 90 процентін күйік шалған, жағдайы ауыр дейді құтқарушылар. Айтуларынша, станция жанындағы жекеменшік үйлер зақымданбаған.