Ескі көліктерге берілетін өтемақы мөлшері ұлғайды

Ескі көліктерге берілетін өтемақы мөлшері ұлғайды. Оның көлемі 200 мың теңгеге дейін өсті. Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Енді жеңілдік сертификаттары тек жүк көліктеріне ғана беріледі. Тозығы жеткен көліктерді қабылдау екі санат бойынша жүзеге асады. Ескі көліктерді жоюға қабылдау бағдарламасына осындай өзгертулер енгізілді. Өзгеріске дейін толық жиынтықты көлік 150 мың теңгеге бағаланатын. Енді бұл сома қосалқы бөлшектері кем көліктерге төленеді. Мұның алдында екінші санаттағы көліктерге бар-жоғы 48 мың теңге ғана берілетін.

«Көлік қалдықтары қоршаған ортаны ластамау үшін арнайы қабылдау орындарына өткізген жөн. Қазіргі жағдайда инфляцияны ескерсек, ескі көліктерге берілетін төлемақы мөлшерінің деңгейі бұрынғымен салыстырғанда еш айырмасы жоқ.

Сондықтан ескі көлікті тапсырғаннан гөрі қосалқы бөлшектерге сату тиімдірек. Осылайша сіз 1,5-2 есе көп ақша таба аласыз» дейді тәуелсіз автокөліктер одағының төрағасы Эдуард Эдоков.