Еуроодақ Қазақстанға пандемияны жеңуге көмектеседі

Еуроодақ Қазақстанға пандемияны жеңуге көмектеседі. Ол үшін арнайы жаңа жоба әзірледі. «Орталық Азия елдеріндегі COVID-19: дағдарысқа қарсы шаралар» деген екі жылдық бағдарламаның құны 3 миллион еуроға тең. Еуроодақ өкілдерінің айтуынша, жоба бойынша басты көмек Қазақстанға бөлінбек.

Шара аймақтағы індеттің салдарымен күреске және өңір елдерінің денсаулық сақтау жүйесінің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған деп хабарлайды 24.kz. Үш кезеңнен тұратын бағдарлама аясында қажетті дәрі-дәрмек, құрал-жабдықтарды берумен бірге зертханалар мен ауруханаларға түрлі көмек көрсету көзделіп отыр.