Нұр-Сұлтан – Үшарал бағытындағы әуе рейстерінің саны артты

Нұр-Сұлтан – Үшарал бағытындағы әуе рейстерінің саны артты. «Qazaq Air» компаниясы 20 шілдеден бастап Нұр-Сұлтан – Үшарал бағыты бойынша тұрақты рейстер орындайды. Бір бағыт бойынша билеттің бағасы – 16 000 тг. «SCAT» әуекомпаниясының аптасына 7 рет қатынайтын рейсіне қосымша «Qazaq Air» компаниясының 4 рейсін орындауға рұқсат берілді.

Қазіргі уақытта аталған бағыт бойынша аптасына 11 ұшақ қатынайды. «Qazaq Air»  әуе қатынасы дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері кесте бойынша (Нұр-Сұлтан (07:20) – Үшарал (09:20); Үшарал (10:00) – Нұр-Сұлтан (12:15);) орындалады.