Air Astana әуе компаниясы осылай деп ескертті. Жазғы навигацияның басталуымен Еуропаның әуе айлақтары қызметкерлер жетіспеушілігіне тап болды. Өйткені олар пандемия кезінде қысқарған болатын және рейстерге қызмет көрсетуде қиындықтар туындады. Соңғы бірнеше аптада түрлі авиакомпанияның жүздеген жолаушысы багажын бірнеше сағат күтуге мәжбүр болды. Ал кейбір саяхатшылар әлі ала алмай келеді. Багаж мәселесі бойынша өтінішті help.airastana.com порталына жазуға болады. Air Astana еуропалық әуежайлардағы форс-мажор салдарынан туындаған қолайсыздық үшін кешірім сұрайды», – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.