Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ шабуылдан кейін қайтыс болды

Саясаткер Нарадағы медициналық университеттің ауруханасында көз жұмды. Ол 67 жаста еді. Айта кетейік, Синдзо Абэге көшеде сөз сөйлеп тұрған жерінде белгісіз біреу екі мәрте оқ атқан. Кейін шабуыл жасаған күдікті анықталды.