Еуропарламент жасанды интеллектіні пайдадануды реттейтін заңды қабылдады

Жаңа заң аясында қоғамдық орындарда адамдардың бет-жүзін танитын жүйелерді пайдалануға тыйым салады. Тек жекелеген жағдайларда ғана құқық қорғау органдары сондай технологияларды пайдалана алады. Жасанды интеллект жүйесінің көмегімен өңделген суреттер немесе видеоларға тиісті маркировка беріледі. Заңды Еуропа кеңесі мақұлдауға тиіс. Құжат мамырдың соңында күшіне енеді.