Биылдан бастап зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтіндер арнаулы әлеуметтік жәрдемақы алады

Бұл туралы Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі айтты. “Ел бойынша 37 мың адам арнаулы жәрдемақы алады. Жәрдемақының негізгі мөлшері 4 көзден төленеді. Біріншісі, мемлекет бюджеті. Екіншісі, жұмыс берушінің тарапынан бір айлық күнкөріс деңгейінде және сақтандыру қорынан, бірыңғай зейнетақы қорынан төленеді. Төлемдердің мөлшері орташа есеппен – 208 мың теңге”,- деп атап өтті министр Светлана Жақыпова.