Наурыз мейрамында Астана мен Павлодар арасында қосымша электр пойыздары жолға шығады

Бұл туралы ұлттық темір жол компаниясының баспасөз қызметі хабарлайды. Қосымша рейстерге билет қазірден сатылып жатыр. Электр пойыздары кестемен жүреді. Бұған қоса наурыздың 20-25 күндері аралығында “Павлодар-Түркістан”, 21-25 күндері аралығында “Павлодар-Пресногорьковская” бағыттарындағы пойыздарға қосымша вагондар тіркеледі.