«Facebook пен Instagram қоғам үшін қауіпті»

Фейсбуктың бұрынғы қызметкері Френсис Хоган осындай мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, компанияның басты мақсаты – желі қолданушыларының қауіпсіздігі емес, қаржылай пайда табу. Айта кетейік, кеше ғана фейсбукке тиесілі әлеуметтік желілер істен шыққан болатын. Сенат тыңдауына қатысқан ол фейсбукқа тиесілі инстаграм әлеуметтік желісінің жас қолданушыларға, әсіресе бойжеткендерге кесірі туралы мәлімдеп, реформа жасауға шақырды. Ол фейсбук платформасында денсаулық сақтауға қатысты жалған ақпараттың тарауы – компания өнімдерін өткізудің құйтырқы жолы дейді. Осы орайда сенаторлар Цукербергтің өзі алдағы уақытта Конгресс алдында жауап беруге тиіс деп отыр.