Францияда қалып қойған Қазақстан азаматтарын қайтару тәртібі жеңілдетіледі.
Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Үкіметі мен Франция Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң қабылданды.
«Егер ел азаматтарының жеке басын куәландыратын құжаттары болмаса немесе олар Францияда заңсыз жүрсе, оларға қандай да бір санкция қолданылмай-ақ қайтаруға мүмкіндік беріледі. Бұл ретте осы елдің уәкілетті органдары азаматтың еліне оралуы үшін қажетті құжаттарды ресімдеуге көмек көрсетеді», – деді Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов.
Қазір Қазақстан реадмиссия бойынша 20 елмен келісім жасасқан.
