Францияда санитарлық төлқұжатсыз мекемелерге кіруге болмайды. Бұл талап келер аптадан бастап енгізілмек. 50 адамнан көп жиналатын орындарда тек вакцина алған немесе ПТР-тесті бар адамдарға ғана баруға рұқсат етіледі. Тамыз айынан бастап адамдарды кафе мен мейрамханаларға, вокзал, пойыз бен ұшақтарға екпе салғаны туралы құжатсыз кіргізбейді. Медициналық мекемелер мен қарттар үйлерінің қызметкерлерінің түгелі екпе салдыруға тиіс. Әйтпесе қыркүйек айының ортасынан жұмысқа жіберілмейді. Шекаралардағы бақылау да күшейтіледі.