ШҚО-да деректер базасынан қате анықталды

ШҚО-да деректер базасынан қате анықталды. Өскемен қаласының тұрғыны коронавирусқа қарсы екпе салдырмаса да, “вакцина” алған болып шыққан. 47 жастағы әйел вакцина салдыруға келгенде бұрын екпе алғанын білген. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай қателік бірінші рет тіркеліп тұрған жоқ. ЖСН дұрыс енгізілмегендіктен немесе бағдарламаның өзі істен шыққан болуы мүмкін. Деректер базасында әйел вакцинаның алғашқы компонентін 19 маусымда алды деп жазылған. Құжаттарда оның қолы бар. Құжатқа сәйкес, ол екінші компонентті алуы керек. Қате туралы тиісті органдарға хабарлама жіберілді. Ресми деректер бойынша, ШҚО-дағы тұрғындардың 90 пайызы вакцинаның бірінші компонентін салдырған. Екінші дозаны халықтың 65 пайызы алып үлгерген.