Ұлыбритания карантинді 19 шілдеден бастап алып тастайтынын жариялады

Ұлыбритания карантинді 19 шілдеден бастап алып тастайтынын жариялады. Ел үкіметі кызметкерлерге кеңседе жұмыс істеуге рұқсат берді. Осы ретте премьер-министр Борис Джонсон пандемия әлі аяқталмағанын ескертті. Ол қоғамдық көліктерде, адам жаппай жиналатын орындарда маска тағуға үндеді. Үкімет басшысы ойын-сауық орындарының иелерінен келушілердің коронавирусқа қарсы вакцинация сертификатын тексеруді сұрады. Ұлыбританиялық ғалымдардың айтуынша, елде коронавирус толқынының шыңы тамыздың ортасына дейін күтілмейді.