Генерал Күдебаев ұсталды

Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы бастығы Қазақстанға жеткізілді. Бұл ақпаратты бас прокурор Берік Асылов растады. Күдебаев елге Түркиядан жеткізілді. Бас прокурор журналистердің сұрағына осылай деп жауап берді. Еске салайық, 3 сәуірде Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланған болатын. Ол 23 наурызда мемлекеттік шекараны кесіп өтіп, сол күні Бішкектегі “Манас” әуежайынан Ыстамбұлға ұшқан. Осы ретте ҰҚК Шекара қызметі Серік Күдебаевтың ресми жұмыс істеп тұрған өткізу бекеттері арқылы шекарадан өтпегенін хабарлады.