Головкиннің келесі айқасы қайда өтетіні белгілі болды

Фото: championat.com

The Ring журналы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) келесі жекпе-жегін қайда өткізетіні туралы жазды, деп хабарлайды Sports.kz

Оның қарсыласы – Польша боксшысы Камил Шеремета (21-0, 5 КО), айқас АҚШ-тың Чикаго қаласында болады. Жұдырықтасудың өтетін күні әзірге белгісіз, алайда промоутер Эдди Хирн оның тамыз айында ұйымдастырылатындығына үміттеніп отыр.

Еске сала кетсек, Головкиннің Шереметамен жекпе-жегі ақпан айынан бері бірнеше рет түрлі себептермен кейінге қалдырылған. Бұл ретте, боксшылар жұдырықтасатын орын белгілі болды – бұл Чикагоның Wintrust Arena-cы. Шереметамен айқаста Головкиннің IBF тұжырымдамасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы бәске тігіледі.