Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Америкалық аналитик әлі инсайдер Дэн Рафаэль қазақстандық боксшы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін қашан өткізетінін айтты, деп хабарлады Prosports.kz.

Рафаэльдің айтуынша, GGG күзде Камил Шереметамен жұдырықтасады. «Головкин келесі кездесуін күзде міндетті үміткерге қарсы өткізеді. Көреміз», – деп жазды Рафаэль Twitter парақшасында.

Бұған дейін Головкин биыл қазан-қарашада жекпе-жек өткізетіні хабарланған еді.