Халықтың жартысының табысы 50 мың теңгеден аспайды

Мұндай табысқа өмір сүру мүмкін емес, жағдайды шұғыл өзгерту керек. Тоқаев бизнес өкілдерімен кездесуде осылай деді. Ұлттық табыс бойынша былтыр бизнес ең жоғары үлеске ие болған. Ол 61,5 процентке тең. Салықтың үлесі 7,3 процент болды. Ал қазақстандықтардың жалақысы оның үштен бір бөлігіне де жетпейді. Ол байлықтың тең жартысы 162 адамға тиесілі екенін айтты.