ХАМАС қозғалысын жою қажет

Бірақ Палестина билігі болуы керек. Израиль Газа секторын басып алу шешімін қабылдаса, бұл үлкен қателік. АҚШ президенті Джо Байден осылай деп мәлімдеді. Америка президенті палестиналық ХАМАС-тың Израильге жасаған шабуылын “жабайылық” деп атап, Израиль армиясының жауап қайтаруға толық құқығы бар екенін айтты . Ол қақтығыстың өршуіне Газа секторының “бейбіт тұрғындардың артына тығылып отырған” ХАМАС жауапты екенін жеткізді. Джо Байден Газа секторынан бейбіт тұрғындарды эвакуациялау және бейбіт тұрғындарға гуманитарлық көмек жеткізу үшін гуманитарлық дәліз ашуды талап ететінін нақтылады. Бұған қоса ол Иранды палестиналық-израильдік қақтығысқа араласпауға шақырды.