Хиджабтағы қызды зорлаған ҰҚК қызметкері сотталды

Хиджабтағы қызды зорлаған ҰҚК қызметкері сотталды. Алматы облыстық Қарасай аудандық соты комитет департаментінің жедел бөлімшесінде жұмыс істейтін 32 жастағы Сабыржан Нарынбаевты кінәлі деп тауып, 9 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, сотталушы ҰҚК капитаны атағынан айырылып, бес жыл көлемінде жауапты қызметтерді атқара алмайды. Еске сала кетейік, былтыр қараша айында Алматы облысының тұрғыны Айя Өмірзақова әлеуметтік желілерде күштік құрылым қызметкері оны ұрып-соғып, зорлауға тырысқаны туралы ашық үндеу жазған болатын.