ІІМ кальянға қатысты ұстаным туралы айтты

Ведомствоның ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салынғанын еске салды. “Рейдтер жүргізіліп жатыр. Анықталған жағдайда кінәлілер жауапқа тартылады. Егер мұндай заңбұзушылыққа куә болсаңыз, 102 телефоны арқылы хабарлаңыз, тиісті шара қолданылады”, – деді Әлекешев.