Инфляция деңгейі рекордтық көрсеткішке жетті

Елде инфляция деңгейі артты. Бұл туралы бүгін Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында мәлімдеді. Оның айтуынша, соңғы рет мұндай инфляция 2008 жылы болған. Ведомство басшысының айтуынша, ахуалдың бұлайша қалыптасуына азық-түліктің қымбаттауы ықпал етті. «Алдағы бір-екі айда баға тағы да өседі», – деді ол. “- Биыл азық-түлік құны тағы да қымбаттайды деген болжам бар. Жазда біз маусымдық тауарлардың арқасында инфляцияны тежеп тұрдық. Қазір Жаңа жыл қарсаңында баға шарықтауы әбден мүмкін” – Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.