Ипотекалық қарыз көбейді

Жыл басынан бері елде 1 трлн теңге ипотека рәсімделді. Бір жылдағы өсім 47%. Сөйтіп, жалпы қарыздың үлесі 4,2 трлн теңгеден асты. Ұлттық статистика бюросы келтірген дерек осындай. Оған ең алдымен баспана нарығындағы қымбатшылық себеп болды. 9 айда жаңа үйлер 10,5%, екінші нарықтағы пәтерлер 16% қымбаттады. Еске салайын, қазір елде “Нұрлы жер”, “Бақытты отбасы”, “Әскери баспана”, “Жас отбасы”, “Өз үйім”, Қайталама нарықтағы тұрғын үй және “Алатау” жастары бағдарламалары бар. Әрқайсының шарттары әртүрлі. Көпшілік көкейіндегі “7-20-25” бағдарламасы бойынша 732,8 млрд теңге көлемінде 56 144 несие берілген. Қалған 300 млрд теңге, оператордың болжамынша, 2023 жылдың I тоқсанында толық игерілуі тиіс.