Иран президенті интернетке қосылу тетігін қалпына келтіруге бұйрық берді.
Масуд Пезешкиан тиісті ведомствоға интернет шектеулерін алып тастауды тапсырды. Ресми мәліметтерге сәйкес, интернетті қалпына келтіру процесі кезең-кезеңімен жүзеге асады.
NetBlocks халықаралық мониторинг қызметінің дерегінше, Ирандағы интернет шектеулері 86 күннен асқан.
