Министрлікте облыстық полиция басшыларының орынбасарлары және елорданың аудандық полиция басшылары лауазымдарына үміткерлер қаралды. Ведомство басшысы үміткерлердің әрқайсысымен сөйлесті. Әріптестерінің антқа адал, нәтижелі жұмыс көрсететініне сенім білдірді. Ішкі істер министрінің бұйрығымен: Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары лауазымына Сапар Бауыржан; Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына Ерлан Жалмағамбет; Нұр-Сұлтан қаласы ПД «Есіл» аудандық полиция басқармасының бастығы лауазымына Әлібек Қожахметов; Нұр-Сұлтан қаласы ПД «Байқоңыр» ауданының полиция басқармасының бастығы лауазымына Марат Абиров тағайындалды. Айта кетейік, кадрлық тағайындаудың мұндай форматы Ішкі істер министрлігінде алғаш рет өткізілді.