Израильде “жүкті” нәресте дүниеге келді. Нәрестенің құрсақ қуысында тағы бір ұрық дами бастаған деп хабарлайды JPost басылымы. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай патология өте сирек кездеседі. Ақ халаттылар нәрестеге “ұрықтағы ұрық” диагнозын ультрадыбыстық зерттеу жасаудың нәтижесінде қойған. Шақалаққа шұғыл ота жасалды. Қазір нәрестенің де, оның анасының да жағдайы жақсы,- дейді дәрігерлер.