Әйел үш баласымен 9-қабаттан неге секірді?

Әйел өз-өзіне қол жұмсау туралы хат қалдырған. Алматы полициясы әйелдің мұндай әрекетке неге барғанын айтты. Полиция мәліметінше, әйелдің өз-өзіне қол жұмсауына тұрмыстық негіздегі жұбайымен жанжал себеп болған. Оқиға бүгін 22 қарашада түс ауа “Жетісу” ықшамауданында болған. Бұл іс Қылмыстық кодекстің 105-бабына сәйкес тергеліп жатыр. Тергеу-жедел тобы құрылды.