Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев “Газпром” мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді

“Кез келген экспорттық өнім бағасы өзіндік құн, елдер аумағы арқылы тасымалдау, негізгі өзіндік құнға салатын кірістен тұрады. Газ бағасын “Газпром” корпорациясы мен Ресей үкіметі белгілейтінін түсінеміз. Баға белгілеу Қазақстанмен де, Беларусь Республикасымен де достық қарым-қатынастар негізінде әділ болатынына сенімдіміз. Біздің елдер арасындағы стратегиялық әріптестік факторлар, оның ішінде экономикалық параметрлер де ескеріледі”, – деп түсіндірді Сәтқалиев. Еске салайық, 19 сәуірде Қазақстанның энергетика министрі Қазақстанға ресейлік газ бағасы Беларуське қарағанда “әлдеқайда төмен” және “еуропалық бағадан бірнеше есе төмен” болатынын айтқан.