Ол жергілікті жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі. Электр энергиясын қосудың бұл фактісіне «KEGOC» АҚ-ның «Ақмола ЖЭТ» филиалы жол берген. Майнинг тарапынан электр қуатына қосылу және тұтыну кернеуі 500 килоВольт жоғары вольтты кіші станциядан жүргізілді. Майнингтік ферма қызметін цифрлық даму саласындағы уәкілетті органға өз қызметі туралы хабардар етпей жүзеге асырған. Комитет «КЕGОС» АҚ-ға қатысты бақылау іс-шараларын жүргізіп жатыр.