ҰҚК аяқ-қолы байлаулы сарбазға қатысты түсініктеме берді.

Әлеуметтік желілерде керуетке байлаулы сарбаздың видеосы таралды. Онда жігітті өзге сарбаздардың әрең ұстап отырғанын, тағы бір ер адамның Құран сүрелерін оқып тұрғанын байқауға болады. Желідегі мәліметке сүйенсек, бейнежазба Алматы облысында түсірілген. Видео кейіпкерінің ҰҚК шекара қызметінде борышын өтеп жүргені анықталды. “Әскери-дәрігерлік комиссия оның одан әрі қызмет өткеруі туралы шешім қабылдайды”, – делінген хабарламада.